Date of publication: 16.12.2015 10:38
Date of changing: 16.12.2015 10:39

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Тәуелсіздік күнін мерекеледі

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Департаменттің басшысы Айбек Минаимбекович Паяев құттықтау сөзінде, отырғандарды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барлығына денсаулық, отбасыларына амандық, қызмет жолында табыс, кемел келешек тіледі.

Мерекенің ресми бөлігінде мемлекеттік кірістер комитетінің және аумақтық Департаменттерінің жеделхаттары оқылды.

Сонымен бірге, дәстүр бойынша Департамент басшысы мемлекеттік мерекесінің құрметіне аса ерекшеленген қызметкерлерге құрмет грамоталарымен алғыс хаттар тапсырды.