Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке құрам арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өтті
2015 жылғы 15 желтоқсанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай спартакияда өтті.
Спартакиада спорттың үш түрінен өтті: мини футбол, столүстік теннис және гирлік спорт түрі (16кг.).
Спартакияданы Департаменттің басшысы Айбек Минаимбекович Паяев ашты, ол қатысушыларды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барлығына денсаулық, отбасыларына амандық, қызмет жолында табыс, кемел келешек тіледі.
Спартакиадаға кеден, салық және экономикалық тергеу қызметі блоктары қатысты.
Департаменттің қызметкерлері бірге жұмыс істей алатындықтарымен қоса демала алатындарын тағы да көрсетті. Бәсекелестік рух барлық спорт түрлерінде қатысты.
Мини футбол бойынша жарысға Департаменттің жас қызметкерлері ғана емес аға ұрпақтарда қатысты.
Столүстік теннисте өздерінің спорттық ептерін Департаменттің әйелдер құрамы көрсетті.
Гирлік жарысына Департаменттің «мықты» қызметкерлер қатысты.
Жарыстық қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жеңіп алды, екінші орынды салық блогі және үшінші орынды еңбегі сіңген кеден блогінің қызметкерлері жеңіп алды.