Date of publication: 23.12.2015 09:07
Date of changing: 23.12.2015 09:08

"Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 357 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген сәйкестік туралы декларациямен сәйкестігін растауға рұқсат етілетін өнімдердің тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 357 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің       
            2005 жылғы 20 сәуірдегі
            № 367 қаулысымен бекітілген      

 

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесі

1.             Ауыл шаруашылығы техникасы мен оған қосалқы бөлшектер

2.              Қызметтiк және азаматтық қару және олардың патрондары

3.             1000 В жоғары кернеуде жұмыс істеуге арналған электр-техникалық бұйымдар

4.              Байланыс құралдары

5.             Мемлекеттiк құпияларды және қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қорғаудың, өңдеудің, сақтаудың және берудiң техникалық құралдары, сондай-ақ арнайы жедел-iздестiру іс-шараларының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдарды қамтитын телекоммуникация желiлерiнiң жабдығы*

6.             Тұрмыстық химия тауарлары

7.              Адамның терісiмен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар

8.              Өңделген ағаш тауарлары

9.             Құрылыс материалдары және бұйымдары

10.         Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар

11.         Ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар

12.         Ауыл шаруашылығы өндірісінің және тамақ өнеркәсiбiнiң өнімдері *

13.         Отын шикiзаты

14.         Аса қауiптi өндiрiстерге арналған бұйымдар

15.         Күзеттің арнайы техникалық құралдары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң    
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 357 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң       
    2005 жылғы 20 сәуiрдегі
    № 367 қаулысымен  бекітілген   

    

Сәйкестік туралы декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етілетін өнiмдердiң тізбесi

1.      Байланыс құралдары

2.      Адамның терiсiмен жанасатын халық тұтынатын тауарлар

3.      Аса қауіпті өндірiстерге арналған жабдық

4.      Құрылыс материалдары