Date of publication: 24.12.2015 15:30
Date of changing: 24.12.2015 15:32

Мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілерді және сыртқы

экономикалық қызметке қатысушыларды қабылдау бойынша

жұмысты ұйымдастыру туралы

 

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №702 «Мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілерді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы» бұйрығының негізінде,  Мемлекеттік кірістер органдарында өтініштермен және салық төлеушілерді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қабылдауды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында, бөлімшелердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін бейне бақылау жүйесімен жабдықталған арнайы қызметтік үй-жайлармен қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Гоголь көшесі, 183 бойынша орналасқан Департаменттің әкімшілік ғимаратында – бірінші қабат, №107 кабинетте;

Майлин көшесі, 2 бойынша орналасқан Департаменттің әкімшілік ғимаратында – бірінші қабат, №107 кабинетте.

Сондай-ақ, Департамент аумақтық органдардың әкімшілік ғимараттарына өткізу режимінің сақталуына бақылауды күшейтті.

 

Департаменттің баспасөз қызметі