«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы
ұтысының жеңімпаздары анықталды
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2015 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының қорытынды ұтысы өткізілді. Басты сыйлық Chevrolet маркалы автомобилі және 3 ынталандыру сыйлығы - 100, 200, 300 мың теңгеге сертификат 124 финалист арасында ойнатылды.
Ұтыстың қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлықтардың бақытты иегерлері:
100 мың теңге сомасындағы сертификат:
- Иманқұлова Арайлым Өтегенқызы (Қостанай облысы);
200 мың теңге сомасындағы сертификат:
- Сабыржанова Мереке Сабыржанқызы (Атырау облысы);
300 мың теңге сомасындағы сертификат:
- Шаймукаева Айсара Бекежанқызы (Алматы облысы).
Бірінші ынталандыру сыйлығын, 100 мың теңге сомасындағы сертификатты біздің екінші кезеңдегі жеңімпазымыз, Наурызым ауданының тұрғыны, 8-ші сынып оқушысы Иманқұлова Арайлым Өтегенқызы жеңіп алды.
«Акция туралы жарнамадан білдім, 2000-нан астам түбіртек жинап акцияға белсенді қатыстым. Мен жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын! Бірақ оған қарамастан Қостанай қаласына Мемлекеттік кірістер департаментіне келдім. Ынталандыру сыйлығын ұтып алғаныма өте қуаныштымын, бұл жаңа жылға жақсы сыйлық!!! - деп қуанышын жасырмады Арайлым.

Басты сыйлық – «Chevrolet» маркалы автомобилінің иегері Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Мусин Әлібек Қуатұлы.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰҚП қолдауымен ағымдағы жылғы 1 сәуірден 30 қараша аралығында республика бойынша өткізілген болатын.
Сондай-ақ, бұл акцияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті халықты кассалық түбіртектерді беруді қоғамдық бақылауға тарту, сондай-ақ салықтөлеушілердің арасында салықтық мәдениетінің деңгейін жоғарлату, «салықты төлеу» ұғымын түсіндіру және міндеттерге дұрыс қатынасты насихаттау, халықтың арасында салық сауаттылық деңгейін жоғарлату және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікке ынталандыру мақсатында өткізгенін еске саламыз.
Бұл акция 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізілді.
Өткізіліп отырған акцияның оңды қорытындысы болып 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жыл ішінде өсу қарқыны:
- жеке кіріс салығы бойынша кіріс көздерінің салық салынбайтын кірісі 115,3 % (249 834,0 мың теңге) ұлғайды.
- тілкелген бақылау-кассалық машиналар бойынша 193,4 % ( 2456 данаға) ұлғайды.
Сондай-ақ, акция өткізу кезеңінде өткізілген рейдтік іс шаралардың барысында бақылау–кассалық машиналарын мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге қою бойынша салық заңнамасын бұзған 34 жеке тұлға анықталды, сондай-ақ бақылау кассалық машиналарын қолдану тәртібін бұзудың 293 оқиғасы анықталды.
Департаменттің баспасөз қызметі




























