Date of publication: 24.12.2015 16:35
Date of changing: 24.12.2015 16:36

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 5000 теңге номиналды купюраны жасау, сақтау және өткізу фактісін тіркеді

 

Жалған ақша жасаумен күресу Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі саласының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Көрсетілген саладағы жұмыстың жандандырылуы мемлекеттің мүдделеріне және оның экономикасына қаржы-несие саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жалған ақша белгілерінің айналымы нәтижесінде  айтарлықтай зиянның келтірілуімен байланысты.

2015 жылғы қазанның аяғынан бастап Қостанай облысының аумағында 2011 жылғы үлгідегі сериясы АА 3424332  бағасы 5000 теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жалған ақшалай банкноттарын айқындаудың сансыз фактілері  анықталған.

Көрсетілген мән-жай, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Қостанай облысынының ІІД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-тергеу топтарын құрумен жедел-іздестіру кешенді  іс-шараларын өткізуге себеп болды.

Нәтижесінде, алынған жедел ақпаратты тексеру барысында, 2015 жылғы 12 желтоқсанда сағат 21.00 шамасында Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Жітіқара ауданының  ҚАІІД қызметкерлерімен бірлесіп, жалған ақша белгілерін жасау үшін жабдықталған жалға алынған пәтерде  техникамен арнайы бейімделген бұйымдарды (бояу, қағаз және т.б.) қолдану арқылы кезекті жалған ақша топтамасын өткізу үшін қылмыстық сөз байланысқан тұлғалар анықталып ұсталды. Ұстау және пәтерді қарауды өткізу кезінде, арнайы техника және 5000 теңге номиналымен жалған ақша (сериясы АА 3424332) тәркіленді. Жалған ақша купюралары жоғарғы жасанды дәрежесі бар және бірінші көзбен шолып қарағанда ҚР Ұлттық Банкінің ақша белгілерінің түпнұсқаларынан ажыратуға болмайды.  

Өткізілген процесуалдық әрекеттердің нәтижесі бойынша ұсталған тұлғалардың көрсетілген жалған купюраларды Қостанай облысы аумағында ғана емес Алматы қаласында және Ақмола, Қарағанды облыстарында өткізуге және жасауға тікелей қатыстары бар екендігі анықталды.

2015 жылғы 13 желтоқсанда айыпты тұлғалар ҚР КПК 128-бабының тәртібімен ұсталды, ал 2015 жылғы 16 желтоқсанда ұсталғандардың барлығына сот 2 ай мерзімге қарауылда ұстау түрінде шараны санкциялады.

Кәзіргі таңда жоғарыда айтылған фактілер бойыша алдын ала тергеу жүргізілуде.