Date of publication: 25.12.2015 18:15
Date of changing: 25.12.2015 18:16

Шағын бизнес субъекттері үшін арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударым және төлемдеріне қатысты (оңайлатылған декларация немесе патент негізінде АСР)

 

Жеке кәсіпкерлердің өзі үшін әлеуметтік аударымдарын есептеу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 1,14 және 15-баптарына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 21 маусымдағы №683 «Әлеуметтік болектеп аудару және есептеу тәртібін бекіту туралы» Үкіміне сәйкес жүргізіледі.

Заңның 1-бабына сәйкес өзін өзі жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтік аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады(бұл орайда жалпы кіріс туралы айтылады шығысты есептемегенде). Өзін өзі жұмыспен қамтыған адам (Заңға қатысты) – бұл өзін жұмыспен қамтамасыз еткен, оларға кіріс әкелетін жеке кәсіпкер, жеке натариус...

Заңның 15-бабына сәйкес ЖК есептеу кіріске байланысты ай сайын жүргізуге тиіс. Бұл ретте айлық табыс әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде алынады.

2015 жылғы 17 наурызда әлеуметтік салықпан есептелген әлеуметтік есептеу ең жоғарғы өлшемін шектеу қарастырылған нормаларын алып тастау бөлігінде Заңға өзгерістер енгізілген (14- быбының 2- тармағы). Заң 2015 жылғы 30 наурызда күшіне енеді.

Осылайша, әлеуметтік аударымдарын есептеу кезінде ЖК есеп кезең әр ай сайын кіріс соммасын санау қажет.

Мысалы, 2016 жылғы 1 тоқсанға патент ресімдеу кезінде есептеу соммасы:

Қаңтар – кіріс айына 100 000 * 5 % = 5 000 теңге;

Ақпан – кіріс айына 300 000 теңге, бұл жағдайда жалақының он еселенген мөлшерінен 228 590 * 5 %  = 11429,5 теңге;

Наурыз – кіріс айына 500 000 теңге, бұл жағдайда жалақының он еселенген мөлшерінен 228 590 * 5 %  = 11429,5 теңге. Әлеуметтік аударымдардың жалпы соммасы бұл мысалда 27 859 теңгені құрайды.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы