Date of publication: 03.06.2019 11:32
Date of changing: 03.06.2019 11:35

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды,

Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі салық сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқаны белгілі.

Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынына назар аударамыз, осыған байланысты, шағын және орта бизнес субъектілеріне жиналған қарыздардан құтылу және мемлекеттік кірістер органдарымен қойылған барлық шектеулердің күшін жою мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепте тұрған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 57-1-бабында көзделген салықтар бойынша негізгі борышқа төленген жағдайда, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін көрсетілген бересі сомасына есептелген айыппұлдардың өсімпұлдарын есептен шығару жоспарлануда.

Шығын және орта бизнессубъектілерінің мемлекеттік кіріс органдарына жүгінудің қажеті жоқ, өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару салық  төлеу бойынша кейінге қалдыру/бөліп төлеу алған салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушінің өтінішінсіз жүргізілетін болады.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы