Date of publication: 20.01.2016 11:59
Date of changing: 20.01.2016 12:00

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мобилді топтар құрылды

 

  Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, салық және кеден салаларында құқық бұзушылықты уақытылы анықтау мақсатында, Еуроазиялық экономикалық комиссиясы мүшелерінің 14.10.2015 жылғы №59 шешімімен бекітілген, тізбемен көзделген әкелу кедендік баждар төмендетілген ставкалар бойынша төлеумен, үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, тізбеге енгізілген тауарлардың шығарылуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ «Еуроазиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды әкелудің және айналымының кейбір мәселелері туралы» 16.10.2015 жылғы Хаттамаға сәйкес,  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында Экономикалық тергеу қызметі, кеден блогы, салық блогы қызметкерлері ішінен  Қарабалық, Таран, Жітіқара, Ұзынкөл аудандарында күзетте жүру мобилді топтары құрылды.