Date of publication: 12.02.2016 11:47
Date of changing: 12.02.2016 11:48

Кеден одағының кедендік аумағына теңіз көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 66-бабына сәйкес кедендік операциялардың жасауын оңтайландыру және тездету, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кеден одағының кедендік аумағына теңіз көлігімен әкелінетін тауарларға қатысты алдын ала ақпараттандыруды енгізу мүмкіндігін қарастырды.