Салық төлеушілердің назарына!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Заңымен Салық кодексінің 472-бабының 3-тармағына өзгеріс енгізілген, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайынғы лицензиялық алымның төленгені туралы оған сәйкес кезеңде күшіне енеді (20 қаңтарға дейін) алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді.
Салық кодексінің 33-бабына сәйкес – белгіленген мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады. Кодекспен белгіленген кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады.
Осылайша, лицензиялық алымды төлеу мерзіміне (20-шы шілдеге дейін) дейін 2016 жылы алкогольді өнімді сақтауға, көтерме және (немесе) бөлшектеп сатуға лицензияны тапсыру және жою 2016 жыл ішінде лицензиялық алымды төлеуден босатпайды.
Лицензиялық алымды Салық кодексі белгілеген мерзімде және көлемде төлемеу тиісті қызметке лицензия қолданысын тоқтата отырып («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 282-бабы), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.