- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 13.11.2019 16:19
Date of changing: 13.11.2019 16:23
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 11.07.17 жылғы № 90-VI Заңымен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған.
Халық саны 2 000 және одан да көп адам болатын әкімшілік – аумақтық бірліктерде бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі дербес жұмыс 2018 жылдан бастап, қалғандарына - 2020 жылдан бастап жүргізіледі.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халқының саны 2 000 және одан да көп адам болатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне салықтың мынадай түрлері, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем:
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;
- мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
- жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;
- аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық;
Көрсетілген салық түрлері мен төлем 2020 жылдан бастап халқының саны 2 000 және одан кем адам болатын әкімшілік – аумақтық бірліктердің ауылдық бюджеттеріне есептеуге жатады.
Осыған байланысты, 2020 жылдан бастап төлемдер Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін объектілермен салық төлеушілердің назарына мәлімет үшін салықтардың осы түрлерін есептеу кезінде аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының БСН-ін салық есептілігінде көрсету қажеттілігі туралы жеткіземіз.
Аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан объектілері бар салық төлеушілердің 2020 жылдан бастап 2 000 және одан да аз халқы бар салық және төлемдерді төлеуі жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне жүргізіледі.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы