Көлік құралдарына салынатын салықты төлемеу көлікті қамауға алудың негізі болып табылды
2016 жылғы 24-25 ақпан айында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарабалық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен Қарабалық ауданының сот орындаушысымен бірлесе отырып көлік құралдарына салықты төлемеушілер бойынша бірлескен рейд жүргізілді.
200,0 мыңнан астам теңге қарыз болған 12 қарызгерлермен кездесу болды. Қарызгердің көбі бүгін нақты алғанда көліктің иелері болып табылмайды. Болатын салдарды ескермей, иелер сенімхаттарды жазу арқылы өз жылжитын мүлігін есептен шығарған жоқ. Бірақ заң шығарушы – көлікке кімнің меншік құқығы бар, сол салық төлейді деп нақты анықтаған.
Бірлескен рейдтің нәтижелері бойынша 9 қарызгер бойынша 121,0 мың теңге өндірілген, 3 қарызгер 81,0 мың теңге сомасыны жақын арада төлейді деп міндеттенді.
Сот орындаушысымен қарызды өтеу есебіне 1 қарызгерден көлікті қамауға алынған, қарыздың сомасы 12,5 мың теңгені құрды. Қарызгер соттың шешіміне де қарамастан, төлеуді жүзеге асырмаған. Сот орындаушысы көлікті қамауға алғаннан кейін ғана арғы күні төлем толық көлемінде өтелді.
Барлығын алғанда 2015 жылда мемлекеттік кірістер басқармасының талаптары бойынша 171 сот бұйрығы шығарылды, өткен жылдың 2 айы бойынша енді 17 сот бұйрығы шығарылды. Қарызгерге ең тиімді ықпал ету шарасы болып ҚР шегінен шығуға тыйым салу болып табылады. Бұндай шектеулер 49 адамға қатысты шығарылды.
Мемлекеттік кірістер басқармасы заңмен белгіленген салықты төлеу әрбір салық төлеушінің борышы мен міндеті екенін еске салады.
Мемлекеттік кірістер басқармасы осындай іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуге жоспарлауда.
Қарабалық ауданы бойынша МКБ