Date of publication: 11.03.2016 10:38
Date of changing: 11.03.2016 11:48

Біріктірілген  кодексін әзірлеуге қатысты СЭҚ және салық төлеушелермен кезекті кездесу өтті

2016 жылғы 25 ақпанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп бекітілген кесте бойынша, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және жалпылау үшін, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, салық төлеушілермен, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен және де басқа да мүдделі тұлғалармен бірінші кездесу өткізді.

Еске салар болсақ, қазіргі уақытта салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін оңайлату мақсатында  біріктірілген Салық және Кеден кодексін әзірлеуде.

Келесі кездесу Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, кесте бойынша 2016 жылғы 17 наурызда сағат 11.00-де Мауленов көшесі, 21 мекен жайы бойынша өткізіледі.