Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2016 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағасының көбею.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 86 «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 2016 жылғы 9 наурыз айынан арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1380 теңге мөлшерінде белгіленген.
Бөлшек саудада арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен өткізуге тыйым салынады.