Наурыз мейрамы
Наурыз - қазақтардың, сондай-ақ көптеген Азия халықтарының бес мың жылдан бері тойлатып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Наурыз - бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір. Наурызды тойлау табиғатқа табыну деп есептеледі. Наурыз 22 наурыз күні атап өтіледі, бұл күн мен түннің теңескен күні. Бұл күні аспан шырақтары: топ жұлдыздар мен жұлдыздар бір жылдық айналымынан кейін өзінің алғашқы нүктесінен жаңа сапар – оралым бастайды.
Бұл күні әр үйде мерекелік дастархан жайылады. Әр тамаққа дейін және кейін жасы үлкені жыл қолайлы болсын деп бата береді.
Мерекелік дастарханда басты сый "Наурыз көже" болып табылады. Наурыз көже - бұл жеті: су, ет, тұз, май, ұн, дәндер және сүт компоненттерін қамтитын әдет-ғұрып тағамы. Қазақтарда жеті санының өзінде киелілікті сипаты бар. Наурыз көженің жеті компоненті өмірдің жеті элементін білдіреді. Наурыз көжеге арналғал үлкен қазан бірлікті бейнелейді.
Бұл керемет мерекенің құрметіне Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақ драм театырында салтанатты жиын өткізді.
Департамент басшысы А.М. Паяев әріптестерін Наурыз мейрамымен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына береке, қызметте жетістіктер тіледі.
Еңбекте үздік көрсеткіштер көрсеткен қызметкерлер салтанатты түрде грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Іс шара Қазақ драмалық театры әртістерінің дайындауымен мерекелік концертпен жалғасты.