Date of publication: 01.04.2016 15:09
Date of changing: 01.04.2016 15:10

Біріктірілген  кодексін әзірлеуге қатысты

СЭҚ және салық төлеушелермен кезекті кездесу өтті

 

2016 жылғы 31 наурызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп 2016 жылғы 25 ақпанда бекітілген кесте бойынша, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және жалпылау үшін, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, салық төлеушілермен, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен және де басқа да мүдделі тұлғалармен бірінші кездесу өткізді.

Еске салар болсақ, қазіргі уақытта салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін оңайлату мақсатында  біріктірілген Салық және Кеден кодексін әзірлеуде.

Осы мақсатта, Кодексті әзірлеу процесіне сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, салық төлеушілердің, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және де басқа да мүдделі тұлғалардың белсенді қатысушыларының арқасында жету мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында алым, қарау, талдау және ұсыныстарды талқылау үшін тематикаға бөлінген форум ашық.

Кездесуде келесі сұрақтар қарастырылды:

·     Салықтық есепті жүргізу тәртібі;

·     Кеден және салық  тексерістерінің қорытындыларына шағым беру (баяндаушы аудит бөлімінің басшысы Ерик Муратбекович Алпысбаев);

·     Камералдық бақылау;

·     Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу;

·     Халықаралық салық салудың ерекшеліктері (баяндаушы камералдық бақылау басқармасы №1 бөлімінің бас маманы Роза Бектасовна Бичитаева).

Келесі кездесу Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, кесте бойынша 2016 жылғы 14 сәуірде сағат 11.00-де Мауленов көшесі, 21 мекен жайы бойынша өткізіледі.

Департаменттің баспасөз қызметі