Date of publication: 12.03.2015 10:12
Date of changing: 12.03.2015 10:44

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 

ПРЕСС – РЕЛИЗ

 

2013 жылдың қорытындысы бойынша үздік салық төлеушілер және үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды марапаттау салтанаты туралы

 2015 жылғы 10 наурызда сағат 11.00-де Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жыл сайынғы дәстүр бойынша Қостанай облысының кәсіпкерлері арасында 20 номинация бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша үздік салық төлеушілер және үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды марапаттау салтанатын өткізді.

Салтанатты аша отырып, Департамент басшысы А.М. Паяев отандық кәсіпкерлер және халықаралық инвесторлар үшін бизнесті қолайлы жүргізу, сыртқы сауда айналымын ынталандыру мәселелері Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы  жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген негізгі бағыттардың бірі  болып табылатынын айтып, салтанатқа қатысушылардың назарын салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың салықтық және кеден заңнамасын ерікті түрде сақтау деңгейін жоғарылату, республика бюджетіне міндетті төлемдерді төлеуден жалтарумен күрес бойынша шаралар нәтижелігін жоғарылату бойынша мемлекеттік кірістер қызмет органдарының жұмысын белсендіруге ерекше ден қойды. 

 

Салтанатты түрде экономиканың түрлі салаларында табысты жұмыс атқарған, адал, сауатты бизнесті жүргізген 21 өкіл «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» номинациялары бойынша грамоталар және гүлдермен марапатталды.

Екі ай бойы Қостанай облысының барлық жеке кәсіпкерлері және заңды тұлғалары қамтылған, әр номинация бойынша «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны» іріктеу бойынша жұмыс жүргізілді.

Салтанат соңында Департамент басшысы конкурс жеңімпаздарына дамыған экономиканың күрделі жағдайларында біріншіліктің шеңін жоғары көтеруге үлкен үлес қосқандары үшін алғыс айтты.

 

.

 

Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз қызметі