
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызмет алушыларға «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметті электрондық турде алуға болатының хабарлайды, яғни олар:
- Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою;
- Салық төлеушілерді тіркеу;
- Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі;
-Мемлекеттік кірістер оргнадары есебінде тұратын, берешектің (қарыздың) бары/жоғы туралы мәлімет ұсыну;
- Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;
- Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
- Салық есептілігін қабылдау;
- Салық есептілігін керi қайтарып алу;
- Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
- Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару;
- Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау;
- Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттынан үзінді көшірме беру;
- Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;
«Е-лицензирование» мемлекеттік деректер қоры арқылы:
- Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру;
- Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру;
- Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру;
- Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайтар есімдеу, лицензияның тел нұсқаларын беру;
- Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру;
- Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу;
- Халықаралық тасымалдаудың құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлер мен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру;
- Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу;
- Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;
- Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;
- Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу;
- Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу;
- Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу ол:
- Жұмыс ұақытын тиімді пайдалануға және есептілік нысандарға қаражат жұмсалмайды;
- Электрондық үзінділерді алуға;
- Жедел ақпараттандыруға;
- Салық есептіліктері қабылданғаны туралы мәлімет;
- Тәулік бойы қол жетімділігі;
- Мәліметтерді интернет жүйесінен компьютер, планшет, телефон арқылы алуға мүмкіндікті;
- Кезекті болдырмауға;
- қолдау қызметінің қол жетімділігі;
- Байланыстардың азаюы, яғни өтінуші қызмет түрін алу үшін тура ведомствоға хабарласпайды;
- Бекітілген мерзімде алуға әкеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz. ресми сайтында орналасқан.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы