Date of publication: 08.04.2016 08:36
Date of changing: 08.04.2016 09:12

Зейнеткерлікке шығарып салу

 

         2016 жылғы 06 сәуірде Қостанай облысы бойынша МКД мәжіліс залында салтанатты түрде Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы Мейркул Шайхиевна Саржанованы құрметті еңбек демалысына шығарып салуға байланысты шара өткізілді.

Салық қызметіндегі ұзақ жылғы еңбек қызметінде өзін сауатты маман, адал және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Өзінің іскерлік қасиетімен, еңбекқорлығымен, қойылған міндеттерді шешудегі жігерлігі, адамдарға ерекше ықыласымен әріптестері арасында бедел және құрметке ие болды.

Қызметке адалдығы үшін «ҚР қаржы қызметінің үздігі» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі с Салық комитетінің грамотасымен марапатталды.

Департамент басшысы А.М.Паяев өзінің және қызметкерлер атынан оған салық қызметіндегі жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді, зор денсаулық, ұзақ өмір, таусылмас жігерлілік тіледі.