Салық төлеушілердің екінші деңгейлі банктердің электронды терминалдары арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 120-бабының 1-тармағына және 128-бабына сәйкес декларант немесе өздеріне осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік алымдарды, кедендік баждарды және салықтарды төлеу жөнінде міндет жүктелген өзге де тұлғалар кедендік алымдарды, кедендік баждарды және салықтарды төлеушілер болып табылады.
Осыған байланысты, кеден органдарымен жасалған тиісті шарты бар салық төлеушілер кеден органдарының ғимараттарында орналасқан, екінші деңгейлі банктердің электронды терминалдары арқылы кедендік алымдарды, кедендік баждар мен салықтарды төлеу кезінде төлеуші төлем құжаттарының деректемелерін толтыру бойынша жауапкершілікте болады.