Сенбілік
2016 жылғы 15 сәуірде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы шеңберінде аумақты жасылдандыру және тазалау бойынша қоғамдық іс шара өткізілді.
Департаменттің қызметкерлері Департаменттің әкімшілік ғимаратының аумағына жанасқан аумаққа көшеттер отырғызды. Сондай-ақ аумақты қоқыс және батпақтан тазарту бойынша жұмыс жүргізілді. Қызметкерлер өз уческелерінде аянбай еңбек етіп, көп қоқыс шығарды.