2016 жылғы 14 мамырда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бөлімшелердің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кезекті Спартакиада өтті.
Спартакиаданың салтанатты ашылуына Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айбек Минаимбекович Паяев, Департаменттің ардагерлері А.А.Каражанов, Ж.С.Калисов, Департамент басшысының орынбасарлары, сондай-ақ Департаменттің қызметкерлері қатысты.
Құттықтау сөзімен А.М.Паяев сөз сөйледі, Спартакиаданың қатысушыларына жақсы спорттық нәтижелер көрсетулерін тілеп, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын ұстануды, дененің шынығуын және спорттың дамуын насихаттайтынын, сондай-ақ ұжымның бірігуіне ықпал ететінін атап өтті.
Спорттық жекпе-жекте мына командалар ат салысты: Департамент басқармаларының құрамасы, Қостанай қ-сы бойынша МКБ, Рудный қ-сы бойынша МКБ, Департаменттің қалалық және аудандық өкілдерін біріктірген №1 МКБ құрамасы, № 2 МКБ құрамасы, № 3 МКБ құрамасы.
Жарыс мына түрлер бойынша өтті: волейбол, шағын-футбол, үстел теннисі, шахмат, арқан тарту, гір, жауынгерлік қарудан оқ ату, «Әкем, анам, мен – тату отбасы» конкурсы.
Жарыс оның ең жақсы қатысушыларын анықтап, жоғары деңгейде өтті. Командалар жақсы ойынды, сондай-ақ командалық рухты көрсете білді. Барлық қатысушылар оынның ережелерін сақтап, күштерін аямай, жеңіс үшін күресті. Спорт жарысын қорытындылай келе, ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, нәтижелерді жариялады.
Волейбол бойынша командалық есепте орындарды былай бөлісті: 1-орын – Департамент басқармаларының құрамасы, 2-орын – Қостанай қ-сы бойынша МКБ, 3-орын - № 1 МКБ құрамасы. «Ең жақсы соққы» номинациясы бойынша - Алмаз Абдуллаевич Бекенов (№ МКБ құрамасы), «Ең жақсы блок» номинациясы бойынша - Тулеген Мейрамович Садвокасов (Департамент басқармаларының құрамасы) иеленді.
Үстел теннисі бойынша жарыста жеңіске № 2 МКБ құрамасы, 2-орынға – Департамент басқармаларының құрамасы, 3-орынға – Рудный қ-сы бойынша МКБ құрамасы ие болды.
Шағын-футбол ойынында ең жақсы аттаққа ие болу күресіне бар күш салынғандай болды. Командалар бірінші орын үшін күресті. Алайда жеңімпаз атына Департамент басқармаларының құрама командасы лайық болды, екінші орынды Қостанай қ-сы бойынша МКБ құрамасы, үшінші орынды Рудный қ-сы бойынша МКБ құрама командасы иеленді. Номинациялар бойынша: «Ең жақсы қақпашы» Қайркеш Басшығулұлы Рахметов (Қостанай қ-сы бойынша МКБ құрамасы), «Ең жақсы шабуылшы» Нурлан Серикович Самратов (Департамент басқармаларының құрамасы) иеленді.
Жауынгерлік қарудан оқ атуда – ең жақсы атыскер атағына Мансур Муратович Турсунов, 2-орынға - Марат Темирболатович Успанов, 3-орынға Серик Даулетбаевич Кульманов ие болды.
Арқан тарту бойынша жарыста орындар былай бөлінді: 1-орын – Рудный қ-сы бойынша МКБ, 2-орын - № МКБ құрамасы, 3-орын – Департамент басқармаларының құрамасы.
Шахматтар бойынша жарыста 1-орынға – Рудный қ-сы бойынша МКБ құрамасы, 2-орынға - № 3 МКБ құрамасы, 3-орынға – Қостанай қ-сы бойынша МКБ құрамасы иеленді. «Ең жақсы ойын» номинациясына - Индира Кабдулловна Жусупова (Қостанай қ-сы бойынша МКБ құрамасы) лайық болды.
Гір бойынша жарыста Департамент басқармаларының құрамасы ең күшті деген аттаққа ие болды, 2-орынды – Рудный қ-сы бойынша МКБ құрамасы, 3-орынға - № 1 МКБ құрамасы иеленді.
«Әкем, анам, мен – тату отбасы» конкурсында «Ең спорттық отбасы» 1-орынға Олжабайұлы отбасы (Департамент басқармаларының құрамасы), «Ең тату отбасы» 2-орынға Жуминдар отбасы (Рудный қ-сы бойынша МКБ құрамасы), «Ең позитивті отбасы» 3-орынға – Исабековтер отбасы (Қостанай қ-сы бойынша МКБ құрамасы) ие болды. «Ең жайдарман отбасы» номинациясы бойынша - № 2 МКБ құрамасы, «Ең белсенді отбасы» номинациясы бойынша - № 3 МКБ құрамасы, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша - № 1 МКБ құрамасы ие болды.
Жарыстың қорытындылары бойынша бірінші жалпы командалық орын – Департамент басқармаларының құрамасына берілді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Талгат Айдарович Арысбаев жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарды табыс етіп, Спартакиаданың келесі кезеңі - өңірлер арасындағы аймақтық жарыстарда біздің өңірімізді абыроймен көрсете алатынына сенімін білдірді.
Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз қызметі