Date of publication: 22.09.2020 13:38
Date of changing: 22.09.2020 13:39

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) тыйым салу және шектеулер сақтала отырып, кедендік рәсімдерге орналастырылады.

Тауарлардың техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растау үшін декларант сәйкестікті растау бойынша органдарға және (немесе) сынақтық зертханаларға сертификаттау жүргізуге өтінім береді.

Еуразиялық экономикалық Алқасының 25.12.2012 жылғы № 293 Шешімінде Еуразяилыө экономикалық одақтың және оларды ресімдеу Қағидаларының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес сәйкестендіру сертификатының және декларациясының бірыңғай нысаны бекітілген.      

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына Сәйкестендіру сертификатын ресімдеу қағидаларының 6-тармағының И) тармақшасына сәйкес 9 бағанда - ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес өнімнің коды (кодтары) көрсетіледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына Сәйкестендіру сертификатын ресімдеу қағидаларының 5-тармағының Д)-тармақшасында, ұқсас,  ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес өнімнің коды (кодтары) көрсетіледі.

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша өнімнің коды өнімді сертификаттау және оны одан әрі кедендік тазарту үшін қажет.

Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, әкету кедендік баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын және тарифтік емес реттеуді қолдану ЕАЭО СЭҚ ТН кодына байланысты.

Сәйкестікті растау құжаттары тауар партиясына ғана емес, сондай-ақ сериялық өндіріс өніміне және бірлік өнімге ресімделуі мүмкін.

Жазылғандардың негізінде, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген ЕАЭО СЭҚ ТН кодының ТР ТС Сәйкестендіру Сертификаттарында және «ЕАЭО ТР» Сәйкестік декларацияларында көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН кодының сәйкес келмеуі тауарларды дұрыс декларацияламауды куәландырады және осыған байланысты Кодекстің 409-бабының қағидаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қажет болған жағдайда нәтижелері бойынша ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес сыныптау туралы шешімдер қабылданатын, кедендік, өзге және (немесе) мәліметтерге тексеру жүзеге асырылады.