Қостанай облысы бойынша мелекеттік кірістер департаменті келесіні мәлімдейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлату мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсетуді енгізу бойынша мелекеттік кірістер Комитетімен дайындалу шаралары басталды.
Пилоттық жоба республикамыздың Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2016 жылдың 1 сәуірінде қосу жоспарланған.
Қызметті эксаумақтық ұстанымда көрсету көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне байланыстың болмауын қарастырады, яғни қызметті кез келген мемлекеттік кірістер органдарында алуға мүкіншілік беру.
Пилоттық жоба кезінде көрсету үшін келесі мемлекеттік қызметтер таңдап алынды:
1. Дара кәсіпкерді тіркеу есебі
2. Салық төлеушілерді тіркеу
3. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық
төлеушіні тіркеу есебі
4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі
5.Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру
6. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру
7. Қазақстан Республикасы резиденттігін растау
8.Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)
9. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру
10. Салық есептілігін қабылдау
11.Салық есептілігін кері қайтарып алу
12.Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
13.Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару
14.Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі
салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту
15.Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі
Пилоттық жобаны 2016 жылғы 1 сәуірден бастап республиканың үш аймағында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізу жоспарлануда.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы сұрақпен Қостанай облысы бойынша мелекеттік кірістер департаментіне:
- 53-65-80 – сенім телефонына;
- 53-74-70–мелекеттік қызметтер сапасын бақылау бөліміне, хабарласуға болады.