Date of publication: 19.10.2020 14:08
Date of changing: 19.10.2020 14:10

  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, келесі хабарлайды.

(Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №45 Бұйрығы) «Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары», Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 09.09.2020 № 840 бұйрығымен бекітілген .

         Соны мен қатар көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі:

       1) "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы14 желтоқсандағы № 1082 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 17992 болып тіркелген) көзделген тізбеге енгізілген тексерілетін тұлғаларға;

       2) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 285, 294, 295-1-баптарына сәйкес инвестициялық келісімшарттар жасасқан тексерілетін тұлғаларға;

      3) көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актілері бойынша оларға есептелетін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша сомасы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес мың еселенген мөлшерінен асып кеткен тексерілетін тұлғаларға жолданады.

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабының 19-тармағында көзделген көшпелі кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.

Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің аяқталу күніне дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жеке қолын қойдыра отырып табыс етіледі.

Сондай-ақ бекітілген ережеге сәйкес көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты немесе мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін  ұсынуы мүмкін.

Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Тексерілетін тұлға осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша қарсылықты ұсынбаған немесе тексерілетін тұлға жазбаша қарсылықты кері қайтарған жағдайда, көшпелі кедендік тексеруді мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 418-бабында белгіленген тәртіппен көшпелі кедендік тексеруді жаңартады және аяқтайды.

 

Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы