- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 20.10.2020 20:17
Date of changing: 20.10.2020 20:20
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 09.10.2020 ж. № 352 бұйрығын орналастырады.
Көрсетілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қосымша: «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 09.10.2020 ж. № 352 бұйрығы.
Кедендік әкімшілендіру басқармасы
Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21397 болып тіркелді
"Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы мен 18-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қысқы дизель отынын және арктикалық дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 422 0 және 2710 19 423 0), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басталатын және аяқталатын, орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына бензинді, авиациялық және дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 411 0 – 2710 12 590 0, 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0) теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2020 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Н. Ногаев |