Date of publication: 25.05.2016 17:59
Date of changing: 25.05.2016 18:00

Салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту

 

      Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту:

1)    салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде;

2)    тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдердің және (немесе) өсiмпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін;

3)    қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін;

4)    импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту арқылы жүргізіледі.

       Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеуден босатпайды.

      Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және  импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа) және (немесе) өсiмпұлдарды төлеудің  мерзімін неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге ауыстыру салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін салық төлеушінің өтініші негізінде өзгерту деп танылады. Салық төлеушінің салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішінде салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылуға тиіс.

    Өзгертілген мерзімдер бойынша салық міндеттемесін орындау құқығы басқаға берілуге жатпайды.

    Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.

    Республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.

     Жергілікті бюджеттерге толық көлемде келіп түсетін салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші тіркеу есебіне алынған жердегі салық органы қабылдайды.

     Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтінішті салық төлеуші салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға уәкілетті салық органына табыс етеді.

               Қостанай қаласы бойынша

               МКБ басшысы                                                                    С.Дөненбаев