Date of publication: 01.06.2016 13:40
Date of changing: 01.06.2016 13:42

2016 жылғы 28 мамырда Рудный қаласында «Горняк» стадионында облыстың саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада өткізілді.  Жарысқа Қостанай облысы бойынша МКД командасы да қатысты.

31 команда арасындағы қызық та адал жарыста Департаменттің командасы 4 құрметті орынды иеленді және мынадай түрлер бойынша жүлделі орындарды иеленді:

  • 2-орын «1000 м қашықтыққа жүгіру» (Қалабаев Жангелді Кадирбекович)-Жангелді ауданы бойынша МКБ)- нәтижесі: 3 мин.03 сек.;
  • 2-орын «Стритбол» (Гусейнов Султан Измайлович – МКД КРБ), Нурпеисов Алмаз Кадырович – Қостанай қаласы бойынша МКБ, Юсупов Анатолий Ринатович – МКД КҚжТНБ, Троянов Сергей Александрович – Рудный қаласы бойынша МКБ, Бекмагамбетов Марал Маратулы - Рудный қаласы бойынша МКБ)-нәтижесі: 4 жеңіс, 1 ұтылыс.
  • 3-орын «Гир спорты», салмақ 24 кг (Рахымбаев Юрий Есиркепович - «Қаратомар» КБ)-нәтижесі: 48 рет.
  • 3-орын «Арқан тарту» (Тукибаев Даурен Серикбаевич – «Қостанай-КРО» КБ, Узакбаев Сатжан Узакбаевич, Галымов Сакен Жумабекович, Копобаев Азамат Гауанович - Рудный қаласы бойынша МКБ, Кускадамов Бекзат Мейрамович – Таран ауданы бойынша МКБ)-нәтижесі: 4 жеңіс, 1 ұтылыс.

Спартакиада қатысушыларын және жеңімпаздарын құттықтаймыз!