Date of publication: 03.06.2016 11:00
Date of changing: 03.06.2016 11:02

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қамқорлық көмек көрсету шеңберінде Рудный және Қостанай қалаларындағы 3 балалар үйіне мәдени-идеологиялық қолдау көрсету бойынша іс-шараларады жүргізуде.

         Біздің қамқорымыздағы балалар Балаларды қорғау күніне орай назарсыз қалған жоқ, Департаменттің басшылығы қызметкерлердің атынан Қостанай қаласындағы балалар үйінің бүлдіршіндерімен кездесіп, спорттық доптарды, үстер ойындарын, сурет салу үшін қажетті кеңсе тауарларын, сондай-ақ Дельфинарийге бару үшін билеттерді сыйға тартты.  

         Бұдан басқа, балалардың спортқа деген қызығушылығын ескере отырып, спорттық іс-шаралар шеңберінде кездесулер жоспарлануда.