Date of publication: 07.06.2016 12:19
Date of changing: 07.06.2016 15:36

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасы ҚР 2015 жылдың  18- қарашасында № 412-V «кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының 3 бабына сәйкес, 2017  жылдың 1- қаңтарынан бастап мүлікті жалпыға бірдей декларациялауға көшіру  келесі тұлғалар  тапсыруға  міндеті кекндігін хабарлайды.

     1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары);

      2) жұмыскердің лауазымы Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сәйкес әкімшілік персоналға жатса;

 жұмысы вахталық әдіспен жүзеге асырылмаса немесе жүріп-тұру сипатында болмаса;
 Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның орналасқан жері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның осы тармақшада көрсетілмеген жұмыскерлері;

      3) осы бабтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік кәсіпорындар жұмысшылары.

         Уәкілетті орган жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді:

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер;

       Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;
      «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды және жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша);

          Уәкілетті орган жеке тұлғалар декларацияларының мынадай нысандарын осы декларацияларға қосымшалармен қоса бекітеді:

1)жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (бұдан

     әрі – активтер мен міндеттемелер туралы декларация);

2)жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (бұдан әрі –

    кірістер мен мүлік туралы декларация):

         қосымшаларымен;
қосымшаларсыз оңайлатылған нысан бойынша (бұдан әрі - кірістер мен

мүлік туралы қысқаша декларация);

3)  жеке табыс салығы бойынша декларация

декларацияны  ұсыну мерзімдері:

      -  қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

      - электрондық түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады.  

Қостанай қаласы

бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының басшысы                                                           С.Т. Дөненбаев