Адамзат тарихында қиратушы және қан төгіс болған Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 – ші жылдықты мемлекет 9 мамыр күні тойлады. Жерімізде бостандық пен бейбітшіліктің үстемділігі үшін күресте, фашизм мен милитаризм күшіне жеңіске жетуге мемлекеттің шексіз ерлігі мен батырлығы үстем рөлін ойнады.
Соғыс ардагерлеріне қайсарлығы және батырлығы үшін терең алғысымызды және қадірлеуімізді алым бере тұрып, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері өздерінің алғысымен және адал денсаулық тілектерімен 9 маусым күні Ұлы Отан соғысының ардагері Хуторный Григорий Михайловичке кіріп шықты.
92 жасар Хуторный Григорий Михайлович Бірінші Белорус фронтының 322 гвардея десанттік полкінің құрамында ерлікпен күрескен.
Соғыс жылдарында ерлік пен батырлық үшін Ұлы Отан соғысының 2 – ші дәрежелі орденімен, «Қаһармандық үшін», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан сағысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және тағы басқа сыйлармен марапатталған.
Бейбтшілік күндері зейнетке шығу алдында Қостанай қаласының темір жолы бөлімінде электромеханик пен паровоз машинисті болып жұмыс атқарған.
Ардагерге есте сақтарлық сыйлықтар, гүлдер, азық-түлік жинағы сыйланып, ақшалы көмек көрсетілді.
Департаменттің Экономикалық тергеу қызметімен Ұлы Отан соғысының ардагері қамқоршылыққа алынды.
Ата – бабаларымыздың күрес алаңында көрсеткен ерлігі, туған жерлеріне сүйіспеншілігі мен сырттағы қаһармандығы мәңгі біздің жүрегімізде.