Жалған ақша жасауға қарсы әрекет ҚР Мемлекеттік кірістер органдарының Экономикалық тергеулер қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың аталмыш санаты елдің экономикалық тұрақтылығын бұзады, қаржылық-несиелік институттардың қалыпты қалыптасуын бұзады, сондай-ақ заңды кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуына кері әсерін тигізеді.
Осылайша, 2016 жылдың басынан бастап Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша 63 қылмыстық істі тіркеді (жалған ақшаны немесе құнды қағаздарды дайындау, сақтау, ауыстыру немесе өткізу).
Барлық жағдайларда жалған ақша купюраларын сауда нүктелері және мекемелер, дәріханалар, ЖҚС және сауда орындарынан (базар, дүкендер) инкасаторлық сөмкеге түскен ақшаны қайта есептеу кезінде банк қызметкерлері анықтаған. Тергеу тәжірибесі көрсеткендей, ақша құралдарын тексеретін детекторлар жоқ жерлерде жалған ақшалар алынады.
Сонымен қатар аталмыш қылмыстарды ашу нәтижесі тікелей құқық қорғау органдарына уақытылы хабарласуға байланысты. Дегенмен, көптеген кәсіпкерлер, жалған ақша құралдарын анықтаған жағдайда, уәкілетті органдарға жүгінбейді және жалған купюраларды жояды, осылайша кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктен қашуына себепші болады.
Жыл сайын жалған ақша жасаушылар өткізудің ауқымды аумақтарын алуға тырысады, сондай-ақ өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін айлалы схемаларын қолданады.
Осылайша, 2015 жылдың ішінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметі жалған ақша жасау желісі бойынша 117 қылмыстық істі тіркеді, 2 жасырын цехты анықтады.
30.04.2015 жылы Қостанай облысы бойынша МКД ЭТҚ ҚР ҚК-нің 231-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (19 эпизод) Сарсембаев С.С., Кудрин Ю.В. және Бакаров Ж.Ш. қатысты №153956031000185 қылмыстық істі өндіріспен аяқтады.
Сарсембаев С.С., Кудрин Ю.В. және Бакаров Ж.Ш. өз кінәларын толығымен мойындап, толық мойындау түсініктемелерін берді.
Меңдіқара аудандық сотының үкімімен Сарсембаев С.С., Кудрин Ю.В. және Бакаров Ж.Ш. 1 000 теңгелік жалған купюраларды дайындау және өткізгені үшін 3 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айрылды.
22.10.2015 жылы АА 3424332 сериялы 5 000 теңгелік купюраларды анықтау фактісі бойынша, барлығы 74 курюра тәркіленген, ҚР ҚК-нің 231-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелген №153900121000447 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу барысында 2011 жылы шығарылған, АА 3424332 сериялық нөмірлі 5 000 теңгелік жалған ақша купюралары тек қана Қостанай облысының ғана емес, Ақмола, Қарағанды облыстары, Астана және Алматы қалаларының банк мекемелерінде және қоғамдық орындарында (дәріханалар, ірі сауда нүктелері, дүкендер) анықталды.
Бұл ретте, аталмыш купюралар жалған жасаудың жоғары деңгейіне ие және алғаш қарағанда оларды ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа ақша белгілерінен айыру қиын.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің оқиға орнын қарауы барысында 2 принтер (1 түрлі түсті), 4 түрлі түсті картридж, ноутбук, фольга, картоп крахмалы,лак, этиль спирті, үтек және АА 3424332 сериялы 5 000 теңгелік номиналды купюрамен 10 парақ қағазды тәркіледі.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сот қарауында.
Аталмыш қылмыстарды ашу нәтижесі тікелей құқық қорғау органдарына уақытылы хабарласуға байланысты. Дегенмен, көптеген кәсіпкерлер, жалған ақша құралдарын анықтаған жағдайда, уәкілетті органдарға жүгінбейді және жалған купюраларды жояды, осылайша кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктен қашуына себепші болады.
Аталмыш қылмыстың қауіптілігін және жалған купюраларды анықтау кезінде оны жедел ашу қажеттігін ескере отырып, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметіне кезекші бөліміне 8-7142-53-65-80, 8-7142-53-67-93 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.