Date of publication: 17.06.2016 14:39
Date of changing: 17.06.2016 14:40

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі-Департамент) 2016 жылғы 14 маусымда СЭҚ қатысушылары және кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын-кеден өкілдері, кеден тасымалдаушылар, уақытша сақтау, кедендік қойма иелерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Онда көрсетілген тұлғалардың қосылуы және қызметті жүзеге асыруы кезінде біліктілік талаптары және көрсетілген кедендік және салықтық заңнама нормаларын сақтамау кезіндегі жауапкершілік бөлігінде салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізуге қатысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің келісім шарттары және пайдаланылуына қатысты түсіндірулер және  электрондық шот-фактуралар көшірмелерін берудегі артықшылықтар түсіндірілді.

Дөңгелек үстел өткізу барысында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің келісім шарттары және пайдаланылуына қатысты Департаменттің лауазымды тұлғалары және СЭҚ қатысушыларымен ашық диалог өрбіді.

Мүдделі тұлғалардың назарына хабарлаймыз, ЭШФ көшірмесі www.kgd.gov.kz порталында ЭШФ АЖ-де жүргізіледі, ЭШФ АЖ пайдалану тегін түрде өткізіледі.

Электрондық шот-фактураларды толтыру бойынша ақпаратпен Қостанай облысы бойынша МКД сайтында және www.kgd.gov.kz сайтында танысуға болады.