Date of publication: 20.06.2016 18:39
Date of changing: 20.06.2016 18:46

14.06.2016 жылы «Жетіқара» кеден бекетінде «Зияткерлік меншік құқық» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Жетіқара аудандық  әділет басқармасының мамандары Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетіқара» кеден бекетінің мамандары қатысты.

Қазіргі уақытта зияткерлік меншікті қорғау жүйесі ұлттық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі. Жиырма бірінші ғасырдың зияткерлік экономиканың заманы болатынына бар негіз бар, оның дамуына шығармашылық қызмет және оны құқықтық қорғаудың сенімді жүйесі ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы халықаралық мәдени және ғалыми-техникалық айырбастың толыққанды мүшесі ретінде, Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының (ДЗМҰ) мүшесі бола тұра,  қабылданған халықаралық стандарттарға жауап беретін қазақстандық, шетелдік құқық иеленушілердің зияткерлік меншігіне құқықты сақтауды қамтамасыз ету тиіс. Қазіргі уақытта зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша негізгі қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтары бойынша Комитетке  және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа құзырлы органдарға жүктелген.

Зияткерлік меншікті қорғау және сақтау жүйесін жетілдіру бойынша бірлескен қызметті үйлестіру, зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылыққа қарсы әрекет ету мақсатында мынадай жолдар арқылы ынтымақтастық жүзеге асырылады:

  • зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласында пікір алмастыру;
  • зияткерлік меншікті сақтау және қорғаумен байланысты мәселелерді келістіру;
  • зияткерлік меншік саласында құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жою бойынша бірлескен әрекеттерді жүзеге асыру және осындай құқықбұзушылықтарға қарсы әрекет жасау.

 

«Жетіқара» кеден бекеті