Date of publication: 21.06.2016 18:00
Date of changing: 21.06.2016 18:13

Алкогольді сату бүкіл әлемдегідей үлкен пайда әкелетіні құпия емес.

Мемлекеттік кірістер органдарында алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы мәселесі үнемі бақылауда, аталмыш бағытта үнемі талдау, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары, «қара» алкоголь өнімдерін импорттаушылар фактілерін анықтау желісі бойынша криминогенді жағдайды мониторингілеу, тұлғаларды сұрау, жедел сатып алу, заңсыз алкоголь өнімінің қозғалу схемасын әзірлеу, салық тексерулер жүргізілуде.

Үнемі жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, алкогольдің заңсыз сатылуы орын алып жатқанын атап өту қажет, мәселен, көтерме жабдықтаушылардың жазған ілеспе жүк-құжаттарының талдауы 3000 іс жүзіндегі бөлшек сатушылардың – 500 алкогольді аз мөлшерде сатуда, яғни бір күні 1 литрден кем, бұл бөлшек сеторының іс жүзінде 20 %  төмендеуін көрсетеді.

2016 жылғы өткен кезеңі ішінде тексерістермен 200 жуық сауда нүктелері қамтылды, бұл ретте 100 тексеруде бұзушылықтар анықталды, айналымнан 40 млн. теңге сомасына 68 мың литр көлемде алкоголь өнімі алынып тасталды, сондай-ақ 9 млн. теңге құнымен 30 мың литр көлемінде есепке алынбаған алкоголь өнімін тасымалдаудың 4 фактісі анықталды.. Нәтижесінде – 3 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, 9,6 млн. теңге сомасында акцизді төлеу түрінде мемлекетке шығынның орны толтырылды, 14,5 млн. теңге сомасына айыппұл салынды

 

Негізгі бұзушылықтар – сақтау, тасымалдау, алкоголь өнімдерін ілеспе жүк құжаттарынсыз сату.

Алкоголь, әсіресе қымбат брендтер жасандылыққа ие болады, мәселен, Қазақстан Республикасының үлгісіндегі есепке алу-бақылау маркаларымен маркаланбаған, немесе жасанды есепке алу-бақылау маркаларымен  алкоголь өнімінің сатылу фактілері анықталды. Барлығы мұндай арақтың 130 мың бөтелке алынып тасталды, сондай-ақ жасанды алкоголь өнімін әзірлеу бойынша астыртын цех анықталды.

 

Мемлекеттік меншігіне айналдырылған алкоголь өнімін кәдеге жарату.

Алкоголь өнімінің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары үнемі алкоголь өнімін сатушыларына тақырыптық тексерулерді жүргізуде.

2016 жылғы өткен кезеңі ішінде 200 жуық сауда нүктелері тексерістермен қамтылды, бұл ретте 100-де бұзушылық анықталды, айналымнан 40 млн. теңге сомасына 68 мың литр мөлшерінде алкоголь өнімі айналымнан алынып тасталды. Нәтижесінде – 3 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, мемлекетке шығынның орны толтырылды - 9,6 млн. теңге сомасында акциз төленді, 14,5 млн. теңге сомасына айыппұл салынды.

Сондай-ақ жасанды алкоголь өнімін әзірлеу бойынша астыртын цех және жасанды есепке алу-бақылау маркаларымен алкогольді сату анықталды, барлығы 130 мың бөтелке алынып тасталды.

Соттың шешімімен барлық алынып тасталған алкоголь өнімі мемлекеттің кірісіне тәркіленді.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлікті сату және пайдалану бойынша комиссия шешімінің негізінде, 60 мың бөтелке көлемінде алкоголь кәдеге жаратылуға жатады. Алкоголь өнімінің кәдеге жаратылуы мемлекеттік кірістер органдарының, прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қатысуымен, сондай-ақ БАҚ-ты тарта отырып, 2016 жылғы 14 маусымда жүргізілді.