Date of publication: 27.06.2016 09:02
Date of changing: 27.06.2016 09:04

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден және салықтық  әкімшілендіру бойынша  Консультативтік кеңес өтті

 

 

        2016 жылғы 22 маусымда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден және салықтық әкімшілендіру сұрақтары бойынша Консультативтік кеңес өтті.

Отырысқа Консультативтік кеңес пен жүмыс тобының мүшелері қатысты.

Күн тәртібіне келесі тақырыптар шығарылды:

- тауар құны және тауар номенклатурасы бөлігіндегі заңнамадағы өзгерістер (баяндаушы К.А. Баймұхамбетов);

- жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері (баяндаушы А.К. Джурабаева).

Конкультативтік кеңесті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттің кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Т.А. Арысбаев ашты, ол қатысушыларға Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 2016 жылғы 27 маусымда сағ.11-00 Астана қ. Қонаев к, 4 мекен - жайы бойынша жұртшылықпен кездесуі өтетінін айтып өтті.

Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды minfin@minfin.gov.kz электронды мекен-жайға алдын-ала жіберуге немесе Call center: 8 (7172) 71-78-80, 71-78-81 қоңырау шалуға болады, барлық сұрақтарға жауаптар жұртшылықпен кездесу өткеннен кейін Қаржы министрінің сайтында: www.minfin.gov.kz  орналастырылатын болатынын айтты.

Одан әрі сөзді тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасы басшысының м.а. К.А. Баймұхамбетовке берді, ол өз ретінде тауар номенклатурасы бөлігіндегі заңнамадағы өзгерістерге тоқталды.

Отырысты адам ресурстары басқармасының басшысы А.К. Джурабаева жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша  жалғастырды.

Отырыс барысында кәсіпкерлер палатасының өкілі Р.Р. Юсуповтан электрондық есеп-шотын өңдеуге қатысты ұсыныстар түсті. Ол сұрақтар жұмыс тобының отырысында қарастырылатын болады.

Отырысты қорытындылай келе Т.А.Арысбаев отырғандардың барлығына белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді және болашақта нәтижелі қарым қатынасқа үмітін айтты.