Мүлікті жария ету туралы Қостанай қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының мақаласы
2014 жылғы 11 сәуірдегі Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 30 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңы әзірленді және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Мүлікті жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі.
Осылайша, мемлекет «Жария ету 2014» бағдарламасының форматында барлық тілек білдіргендердің өзінің мүлкін, соның ішінде бұрын заңды экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны да заңды жүзінде жария етуді көмектесуге шақыратын бір жолғы науқанын өткізеді.
Әкімдіктер жанындағы комиссияларға, азаматтар тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсына отырып, Қазақстанның аумағында тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету мәселесі бойынша жүгінуде.
Қазақстан аумағындағы да, шетелдегі де қалған барлық мүлікті (ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік) тиісті өтінішті және заңнамамен белгіленген құжаттардың тізбесін ұсынумен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне отырып жариялауға болады.
Ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады.
Бірінші: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б., және соңында, жай ғана шешіп алуға болады. Және осының барлығы 10% алымды төлемей жүргізілетін болады.
Екінші тәсіл: Шетелдегі немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанда, оларды банк шоттарында көрсетпей, жария ету. Бірақ, бұл ретте бюджетке 10% алым төленеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету.
Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.
Жария ету субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі мүлкі (ақшадан басқа) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.
Арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жария ету субъектісінің мүлікке не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) арнайы декларацияға қоса беріледі.
Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін жария еткен жағдайда жария ету субъектісі меншік құқығын растайтын шет мемлекеттің тиісті органы немесе ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкін;
3) шет мемлекеттің қолданатын құқығына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
5)жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер арнайы декларацияға қоса беріледі.
Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:
1) келу тәртібімен;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.
Өзінің мүлкі мен ақшасын жария етуді қалаған барлық адамдар олардың сақталуына және табыс салығын салуды ықтимал деп алаңдамауларына болады. Олар табыс ретінде көзделмейтіні, ал ақша өз кезегінде депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалғаны Заңмен әлде қайда қарастырылған.
Сонымен қатар, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық тәртіпте қудалау үшін мемлекеттік органдарынан және лауазымдық адамдардан алынған ақпаратқа қатысты маңызды кепіл Заңмен көзделгеніне назар аудару керек.
Қостанай қаласы бойынша МКБ