Date of publication: 13.07.2016 09:35
Date of changing: 13.07.2016 09:36

СЭҚ назарына!

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына Украинаның аумағынан жүктерді халықаралық транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ресей Федерациясының экономикалық қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Ресей Федерациясы Президентінің 01.01.2016 жылғы Жарлығына өзгерістер енгізу туралы»  Ресей Федерациясы Президентінің 01.07.2016 жылғы № 319 Жарлығы күшіне енгенін,  оған сәйкес РФ экономикалық қауіпсіздігін және ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету бойынша шаралар әрекетінің мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Тауарлар мен көлік құралдарының Ресей аумағында тұрып қалуын болдырмау үшін, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына Украинаның аумағынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу үшін балама бағыттының таңдалуы туралы СЭҚ қатысушыларын хабардар етеміз.

Ресей Федерациясының аумағына соқпай, теміржол және автомобиль көлігімен украиндық тауарларды өткізу үшін негізгі балама бағыт қазіргі уақытта Ақтау теңіз портына (Қазақстан Республикасы) дейін Алят портына (Әзірбайжан Республикасы) паромға жүкті тией отырып, Әзірбайжан аумағы арқылы өткізу болып табылады.

 

Департаменттің баспасөз қызметі