Date of publication: 18.07.2016 17:02
Date of changing: 18.07.2016 17:03

ЖАДЫНАМА

 

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы алкогольді өнімді көтерме және (немесе) бөлшектеп сату үшін лицензиялық алымды төлеу жайлы еске түсіреді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіндегі (бұдан әрі – Салық кодексі) өзгерістерге сәйкес (өзгерістер Заңға 2015 жылғы 29 қазанда енгізілген және 2016 жылғы 01 қарашада күшіне енген), алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, сондай-ақ  алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін  жүзеге асыруға лицензия алған, лицензиялық алымды төлеушілер тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда (бірінші жыл қызмет үшін лицензиялық алым лицензияны алуға құжаттарды бергенге дейін төленеді), алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейді. Төлем мына ставкалар бойынша жүргізіледі (Салық кодексінің 472-бабы):   

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейді. 

 

Лицензиялық алым ставкалары

 

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерлерде жүзеге асыратын субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін:

Алым ставкалары, АЕК 

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда

100

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде

70

ауылдық елді мекендерде

30

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

 

Салық кодексінің 33-бабына сәйкес кодексте белгіленген мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады. Мерзім осы Кодексте белгіленген кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады.

Осылайша, лицензиялық алымды төлеу мерзімі басталғанға дейін  (20 шелдеге дейін) 2016 жылы алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге лицензияны тапсыру және күшін жою 2016 жыл ішіндегі лицензиялық алымды төлеуден босатпайды.

Салық кодексімен белгіленген мерзімде және көлемде лицензиялық алымды төлемеу тиісті қызмет түріне лицензияның қызметі тоқтатыла отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 282-бабы).

 

Қостанай қаласы бойынша МКБ