«Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және Оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 325 бұйрығымен «Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және Оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 593 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, ол Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 шілдеде №13895 болып тіркеліп (бұдан әрі - бұйрық), ресми жариялауға жолданған. Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Жоғарыда көрсетілген түзетулер, ақшаны банк шотына есептеген (аударған) күнге валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдаланумен ұлттық валютада оның жария етілетін сомасын есептеу тәртібін өзгертуді, сондай-ақ жария ету субъектісінің қалауы бойынша екінші деңгейдегі банк арқылы банк белгілеген шартпен мүлікті жария ету бойынша декларацияны (бұдан әрі - декларация) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша мемлекеттік кірістер органына тапсыру мүмкіндігін қарастырады. Яғни, жария ету субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «бір терезе» қағидаты іске асырылды, сол арқылы мемлекеттік кірістер органдарына бармай, мүлікті жария ету алымының төлеуге тиесілі сомасын банк арқылы төлеген кезде, азаматтарда тиісті декларацияны және оған ілеспе құжаттардың жөнелтуін жүзеге асыруға мүмкіндік болады. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы №213-V Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 1-бабына сәйкес, жария ету субъектісі Заңда белгіленген декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді. Заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын және жария ету субъектілермен кері байланыс мүмкіндігін іске асыру мақсатында, банктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларының 20-тармағына сәйкес жария ету субъектілерінен тұрғылықты жерінің толық мекенжайын міндетті түрде талап етуі қажет. Бұдан басқа, почта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламадағы «хабарлама алушының мекенжайы» деген бағанда жария ету субъектісінің нақты мекенжайын көрсету қажет. Ол почта байланысындағы ұйымның декларацияны алғаны туралы хабарламаны жөнелтуші-банкке емес, жария ету субъектісіне жолдау үшін керек.
Қостанай қаласы бойынша МКБ