Wipon мобилді қосымшасын көрсету
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы мен Түсіндіру жұмысы басқармасының қызметкерлері «Қазақстан-Қостанай» телеарнасын шақырумен «Астықжан» сауда орталығында Wipon мобильді қосымшасын көрсетті.
Алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында 2015 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті Wipon компаниясымен бірлесіп Wipon мобильді қосымшасын іске қосқан болатын. Бұл қосымша мобилді жабдыққа көшіріп, контрабандамен әкелінген алкоголь өнімін анықтау үшін қолдануға болады. Акциздік марканы сканерлегеннен кейін тауарлардың ықтимал заңсыздығы туралы деректер Комитеттің серверіне нақты уақыт режимінде (онлайн режимінде) жіберіледі.
Еске салар болсақ, Wipon жобасы Tech Connect Astana Орталық Азиядағы ірі технологиялық конференциясындағы шайқаста 25 000$ бас жүлдені жеңіп алды. Онда 312 арасынан іріктелген Германияның, Украинаның, Ресейдің, Қырғызстанның және Қазақстанның 10 жоба шыққан болатын.
Кәзіргі таңда қосымшаның 30 мыңнан астам пайданушылары бар, 30 мыңнан жоғары өнім сканерленіп, оның 31% контрабандамен әкелінгені анықталды.
Департаменттің баспасөз қызметі