Мүлікті заңдастыру барысы туралы
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Республикада мүлікті заңдастыру бойынша акция жүргізілуде.
Бұл бір реттік акция көлеңкелі экономиканы қысқарту, ел экономикасына қосымша қаржыны тарту мақсатында жүргізіледі және барлық тілек білдірушілерге өз мүлігін жедел және оңай тәсілмен заңды түрде заңдастыруға көмек көрсетуге шақырылған.
Аталмыш акцияға қатысуға құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар тұлғалар.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша ағымдағы күнге облыстың мемлекеттік органдары арқылы декларация ұсынумен 160 объект заңдастырылды, олардың құны 3 363 293,9 мың теңгені құрады. 1537,3 мың теңге алым төленді.
Объектілер қатарына тұрғын үйлер, құнды қағаздар, есеп шоттары, ақшалар кірді.
Облыс тұрғындары ресми түрде шетелдегі 6 пәтерді 12 404,9 мың теңге сомаға, облыс аумағындағы жылжымайтын 48 тұрғын үй объектісін 533 850,9 мың теңге сомаға, шетелдегі 150 мың акцияны, қазақстандық екінші деңгейлі банктердегі 73 есеп шоттары 2 802 619 мың теңгеге және 1-Қазақстан Республикасынан тыс (Венгрия) 699 мың теңгеге, 14 қатысу үлесі заңды тұлғада 11330 мың теңгеге, сондай-ақ 2050 мың теңге сомасына қолма қол ақша қаражаты ресімделді.
Жүргізіліп жатқан мүлікті заңдастыру өз жылжымайтын мүлігін заңдастыруға азаматтарға жақсы мүмкіндік. Мүлікті заңдастыру мәселелері бойынша өткен жылдың аяғында енгізілген өзгерістер мүлікті заңдастырушы азаматтарға қосымша кепілдік ұсынады.
Енді мүлікті заңдастырумен байланысты ақпарат банктік және салықтық құпия болып табылады, оны таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.Заңдастырылған мүлік тәркіленбейді. Заңдастыру субъектілері құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар тарапынан заңға қайшы әрекеттерден сақтандырылған. Қылмыстық істерді қозғауға немесе ол бойынша факті ретінде мүлікті және ақшаны заңдастыруды пайдалануға болмайды.
Департамент өз мүлігін заңдастырмаған тұлғаларға бұл құқықты пайдалануға үндейді. Заңдастырудың 2016 жылғы 31 желтоқсанына дейін ұзартылатынын еске саламыз.
Оларға құқық ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген мүлікті заңдастыру үшін құжаттар беру мерзімі 2016 жылдың 30 қарашасында аяқталады, өзге мүлік бойынша - заңдастыру мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей.
Департаменттің баспасөз қызметі