Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2016 жылдың басынан жеке тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды тіркеу есебіне қою мәселесі бойынша тақырыптық тексерулер өткізді. Тексеру барысында қызметін тіркеусіз жүзеге асырған 13 жеке тұлға анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексі 463-бабының 1-бөлігі бойынша 15 АЕК (31 815 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда, әкімшілік жауапкершілікке тарту барлығы үшін мемлекеттік кірістер органдарына тіркеуге себеп болған жоқ. Мысалы, 29.04.2016 ж. Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Ленин көшесі, “Авто-Лига” дүкенінің аумағын тексеру барысында азамат Г.С. Ибраевтың екінші рет Volkswagen VW 35 i маркалы көлік құралында мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз жеке такси тасушылығымен айналысқанын анықтады. Осылайша, Г.С. Ибраев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексі 463-бабының 2-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылық жасады. 29.05.2016 ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулымен Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мынадай қаулы етті: Г.С. Ибраев құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 АЕК (63 630 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданумен, Volkswagen VW 35 i маркалы көлік құралын мемлекет кірісіне тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылсын. Аталған қаулы заңды күшіне енді.
Жолаушыларды жеке тасу заңмен кәсіпкерлік қызмет ретінде қарастырылады және онымен айналысқысы келетін азамат мемлекеттік кірістер басқармаларында тіркеуден өтуі тиіс. Жолаушыларды жеке тасудан түскен кіріс салынатын патент негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесі 2 %-ды құрайды.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер басқармасы қандай да бір қызметті жүзеге асыратын, оның ішінде жолаушыларды жеке тасумен айналысатындардың барлығынан әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмас үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді сұрайды.
Қазақстан Ресспубликасының 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңымен 01.01.2016 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелу кезінде тіркеу үшін алым алынбайтындығын қосымша хабарлаймыз.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Рудный қ., Парк к-сі, 14-үй 106-кабинет және 207-кабинет мекенжайы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінулеріңізді сұраймыз, тел. 43373.
Рудный қаласы бойынша МКБ




























