Date of publication: 24.11.2021 10:37
Date of changing: 24.11.2021 10:50

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында кәсіпорындарды «жалған тұлғаларға» тіркеуді анықтау бойынша ҚР азаматтарынан сіздің қатысуыңсыз және келісіміңсіз тіркелген келесі кәсіпкерлік субъектілерінің бар-жоғын тексеруді сұрайды:
- Сізді ЖК жеке (кәсіпкер ретінде) тіркеу туралы;
- Сізді заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы ретінде тіркеу туралы.

Мұны қалай тексеруге болады?
ЖК болуы туралы мәліметтерді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (ҚР ҚМ МКК) www.kgd.gov.kz сайтынан тексере аласыз «Ақпараттық ресурстар» бөлімінде «Электрондық сервистер» режимі «Салық төлеушілерді іздеу» сервисі.

Заңды тұлғаның www.Egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында «e-gov» электрондық кілтінің көмегімен сіздің атаңызға ашық па екендігін тексеруге болады. www.Egov.kz сайтқа кіріңіз «Бизнес»- «Бизнесті тіркеу және дамыту»-«Заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер туралы мәліметтер» деген бөлімде «Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы мәліметтерді ұсыну» деген анықтаманы сұраңыз.

Аталған сипаттағы барлық туындаған сұрақтар бойынша Қостанай қ., Майлин көш., 2 үй мекенжайы, 8-714-2-53-74-00 телефон нөмірі бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасына хабарласуларыңызды сұраймыз.
 

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің
Камералдық бақылау басқармасы