Date of publication: 22.08.2016 16:02
Date of changing: 22.08.2016 16:24

АІІБ қызметкерлерімен және  сот орындаушыларымен

бірге жүргізілген рейд туралы

 

Таран ауданы прокурорының тапсырмасы бойынша Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  АІІБ қызметкерлерімен  сот орындаушылармен бірге ауданның автокөлік жолдарында мемлекет алдында қарызы бар  салықтарды, әкімшілік айыппұлдарды қасақана төлемеушілермен,  сол сияқты өзге де тұлғалармен рейдтер жүргізіледі.

Аталған іс- шараны өткізу барысында көлік құралдарына, әкімшілік айыппұлдар және басқа да бюджетке төлемдер бойынша салық берешегі бар тұлғалар анықталды. Таран ауданы бойынша МКБ қызметкерлері берешектің пайда болу себептерін және бюджетке берешек қарызды өтеу жолын түсіндірді, ал сот  орындаушылар берешекті өтемеген жағдайда, оларға қандай шаралар қолданылатынын: 10 АЕК мөлшерінде  әкімшілік айыппұл төлеу; мүлкінен айыру;  «Бүркіт» деректер базасына енгізу, бұл мемлекет шекрасынан тыс жерге бару бостандығына шектеу қою, сондай- ақ қылмыстық жауапкершілікке тарту  дегенді білдіретінін түсіндірді.

Таран ауданы бойынша МКБ, барлық тарандықтардың осыған басты назар аударуын сұрайды, сонымен қатар қасақана төлемеушілер тізіміне енуден өз - өзіңізді сақтаңыздар.

2016 жылдың басынан бастап салық төлеушілерге сомасы 25643,0 мың теңгеге 1415 хабарлама  жолданды, сотқа  сомасы 8571,0 мың теңгеге 197 талап арыз тапсырылды.  59 салық төлеушіге сот бұйрығы бойынша  сомасы 1794,0 мың теңгені өндіріп алу қамтамасыз етілді, сомасы 8571,0 мың теңге берешек бойынша тыс жерге баруға уақытша шектеу  туралы 6 қаулы шығарылды.

 

Таран ауданы бойынша МКБ