БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Оқиға: Қостанай облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы С.Т. Аймұхамбетованың «Жекешелендірудің екінші толқыны» шеңберінде мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және жекешелендіру құралы ретінде мүлікті жария ету» тақырыбына республикалық, облыстық БАҚ тілшілерімен кездесу.
Бұл кездесуге Қостанай обылысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы М.М.Ескендиров қатынасты және бұқаралық ақпарат кұралдарына сұхбат берді.
Өткізу күні мен уақыты: жылғы 31 наурыз, сағат 15.00-де.
Өткізу орны: Қостанай облысының баспасөз-клубы («Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарна ғимараты, Әл-Фараби даңғылы,126).
Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес облысы бойынша коммуналдық меншіктің 41 ұйымды және «Тобыл» ӘКК» АҚ жататын ұйымдарда қатысудың/акциялардың 13 үлесін жекешелендіру өтеді.
2014 жылы 15 объектіні сату жоспарланды, іс жүзінде 21,4 млн. Теңге сомасына 7 сатылды, барлық жекешелендірілген субъектілер БАҚ саласына жатады.
Кестеге сәйкес 2015 жылы 11 ұйымды сату жоспарланды, ол екі спорт клубы:
«Тобол» футбол клубы» ЖШС, «Баскетбольный клуб «Тобол» ЖШС және БАҚ саласында 9 субъект
«Қостанай таңы» газетінің редакциясы» ЖШС, «Редакция газеты «Сарыкөл» газетінің редакциясы» ЖШС, «Әулиекөл» газеті» ЖШС, «Біздің Торғай» газеті» ЖШС, «Аманкелді арайы» газетінің редакциясы» ЖШС, «Қарасу өңірі» газетінің редакциясы» ЖШС, «Науырзым тынысы» аудандық газетінің редакциясы» ЖШС, «Рудненская городская редакция телерадиовещания «Рудный дауысы» Рудный қалалық телерадиохабар редакциясы» ЖШС, «Рудненский рабочий» қалалық газетінің редакциясы» ЖШС.
2016 жылға білім, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шарруашылық саласының 15 объектіні жекешелендіру жоспарланды.
Жекешелендіру құралдарының бірі мүлікті жария ету болып табылады. Жұртқа мәлім, мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылы 1 қыркүйекте басталады және 2015 жылы 31 желтоқсанда аяқталады. Бұл ретте, мүлікті жария етуге (ақшадан басқа) ұсыну үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылы 1 қыркүйекте басталады және 2015 жылы 30 қарашада аяқталады.
Мүлікті жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымынан шығарылған және(немесе) рәсімделмеген немесе тиісті емес тұлғаға рәсімделген мүлікке мемлекеттің құқықтарын тану рәсімі түсіндіріледі.
Осылайша, жария етілген капитал түрінде қосымша қаражаттарды экономикаға тарту негізгі мақсаты болып табылады. Акция біріншіден: бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға шығаруға, екіншіден «жекешелендірудің екінші толқыны» шеңберінде объектілерді жекешелендіруге немесе мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейдегі банктердің облигацияларын, «Народное IPO» Бағдарламасы шеңберінде акцияларды сатып алу жолымен экономикаға инвестимциялау мүмкіндігін береді.
Облыс бойынша акцияның басталу кезеңінен 600,0 млн.теңге сомасына жуық 1200 объекті жария етілді.