Қайырымдылық жасау – өте жай нәрсе.
Таран ауданында «Мейірімділер клубы», акциясы басталды.
Осындай атаумен өткізіліп жатқан акция, Жастар ресуртық орталығының волонтерларымен ұйымдастырылған, қайырымдылық ісімен айналысатын өздерінің клубының атауын осылай атаған. Атап өтетін жайт, осындай тәжірибе біздің бүкіл елімізідің аумағында өтіп жатыр, бірақ әр аумақта қолдау әртүрлі көлемде көрсетіліп жатыр. Бұл жағдайда, әр жеке тұлғаның нақты көмек көрсетуіне тікелей байланысты екенін ескеру қажет.
Акция өз жұмысын аудандық орталықтың орталық алаңында Жастар күнін салтанатты мерекелеу іс- шарасын өткізу барысында бастау алды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне, мүгедектерге, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ниет білдірген әрбір адам өз қол ұшын беру мүмкіндігі болды.
Таран ауданы бойынша МКБ қызметкерлері аталған акцияға белсенді қатысып, осындай «Үлкен қайырымдылық іске» кішкентай болса да, өз үлестерін қосты. Олар ересектерге де, балаларға да арналған киім- кешек түрінде көмек берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр адам киім- кешек, кеңсе тауарлары, тұрмыстық тазалау құралдарымен, ұсақ тұрмыстық заттармен қол ұшын беру мүмкіндігі бар. Тарандықтар немқұрайлық танытпай, осындай қайырымдылық ісіне белсенді қатысады деген үміттеміз.
Таран ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы