Date of publication: 29.08.2016 19:40
Date of changing: 29.08.2016 19:43

 

Келешек саябағы

«Келешек саябағы» деп халық атап кеткен жаңа саябақ, Таран ауылына кіреберіс алаңда орналасқан. Кеше ғана ашық алаң болған жерде, бүгінгі күні тартымды саябақ аумағының келбеті алыстан көзге түседі, уақыт өте жасыл желек жамылған кең алаңды алып жатқан саябаққа айналатынына, күмән

Былтыр күз мезгілінде, жергілікті әкімдікпен бөлінген жер сызбасы бойынша Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ауданның басқа да ұйымдары және кәсіпорындарымен қатар мыңға жуық көшет отырғызылған болатын. Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына бекітілген учаскеге алма, шетен, пирамида тәрізді терек және қарағай ағаштарының көшеттері отырғызылды.Алғашқы кезде, маңызды жұмыстардың бірі- ағаштарды барынша көбірек суарып, арам шөбін жұлып, күтуді қажет етеді. Алдарына қойылған міндеттерді жақсы түсінген Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері  өз учаскесінде тұрақты түрде сенбіліктерге қатысып, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің  келешегі үшін бар күшін салып келеді.

Аталған іс- шараның маңызы- аумақты көгалдандыру ісіне зор үлес қосу болып табылады. Күнделікті қарбалас өмірдің тіршілігімен айналысып жүріп, қоғамымызға пайда келтіру үшін көп нәрсе қажет емес екенін бір сәт ойланбайды екенбіз. Ағаш отырғызу арқылы, біздер қайырымды іспен айналысып қана қоймай, сонымен қатар туған жеріміздің экологиясын жақсартуға үлес қосатынымызды естен шығараған жөн.

 

 

 

Таран ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы