Date of publication: 31.08.2016 18:48
Date of changing: 31.08.2016 18:54

 

Облыстық эстафета

      Ағымдағы жылдың 29 тамызында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған облыстық эстафетаға қатысты.

      Эстафетаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп өткізді, 35 жасқа дейін және 35 жастан жоғары 2 деңгейде өтті.

      Департаменттің қызметкерлері 35 жасқа дейінгі 1-ші деңгейде жүгіріп, қатысқан 24 мемлекеттік органдарының ішінде 4-ші болып мәреге жетті.

     

Департаменттің баспасөз қызметі